
Бүгіннен бастап жеке тұлғаның банкроттығын көздейтін заң нормалары күшіне енді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, азаматтар бұл несиелік есептен шығару емес екенін түсінуі керек, өйткені өзін банкрот деп тану келесі салдарға әкеледі:
– бес жыл ішінде несие ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);
– қайта банкроттық жеті жылдан кейін ғана мүмкін болады;
– қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар болмайды.
Айта кетейік, банкроттыққа ұшырағаннан кейін азамат өзінің несиелік рейтингі төмендейтінін түсініп, барлық оң және теріс жақтарын өлшеу керек, яғни банкроттық туралы ойланып нақты шешім қабылдау қажет. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтінішті ХҚКО-ға келіп қана емес, мұны ХҚКО АЖ, «Е-салық-Азамат» мобильдік қосымшасы арқылы да онлайн беруге болатынын білу маңызды.
Коллаж: SMI24.KZ