UFC: Қазақстандық спортшы қарсыласын ойсырата жеңді

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өтіп жатқан (АҚШ) UFC турнирінде өнер көрсетті.

Рахмонов американдық спортшы Джефф Нилмен (15-4) жекпе-жекке шығып және оны үшінші раундта жеңді. Осылайша, Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында он жетінші рет жеңіске жетті.

Жауырыны жерге тимеген Рахмонов үшін бұл UFC-дегі бесінші жекпе-жек болды. Жеңіске жеткен Шавкат келесі қарсыласы туралы мәлімдеме жасады.

– Колби Ковингтон, дайындал, келесі кезекте сен, – деді Рахмонов.