ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында бірыңғай валюта енгізіле ме?

Бүгін Алматыда кеңейтілген құрамдағы ЕҮАК отырысы өтті.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ЕАЭО елдерінің экономиканың басым салаларындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту жөніндегі ұсыныстарды айтты.

Өз сөзінде Әлихан Смайылов өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұйымның экономикалық көрсеткіштері оң динамика көрсеткенін атап өтті.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО-ға бірыңғай валютаны енгізу туралы мәселе туындамайтынын айтты.

– Біздің барлық негізгі құжаттарымызда бұл туралы әңгіме жоқ. Біз қаржы нарығы саласындағы заңнаманы үйлестіру мәселесімен ғана жұмыс істеп жатырмыз, – деді ол.

ЕАЭО елдері 2025 жылға қарай ортақ қаржы нарығын құруға дайындалып жатыр.