
Белсенді, оппозициядағы саясаткер Жанболат Мамайдың жұбайы Инга Иманбай Мәжіліс депутаттығына кандидат болып тіркелді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Бұл туралы «Қазақстан демократиялық партиясының» белсендісі өзінің Facebook парақшасында жазды.
– Ресми түрде тіркелдім! Жаңа ғана Алматыдағы бір мандатты №3 сайлау округінен мәжіліс депутаттығына үміткер деген құжатымды алдым. Алла бұйыртса, ертең сағат 18-00 сайлау алды үгіт насихат жұмысы басталады. Барлық мәселені сол кезде айтармыз. Әділ, ашық сайлау болса, күреске біз дайынбыз! – деп жазды ол.