28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті.
Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссёры – Қ. Мамытқалиев.
Кіші залда өткен қойылым көпшіліктің көңілінен шықты. Көрермендер актёрларға тік тұрып қошемет көрсетті. Қойылымдағы Андрейдің рөлін Ғалым Оспанов ойнады. Сонымен қатар Ажарлым Бақытжанова Елена рөлінде, Ұлжан Райханова Оксана рөлінде сахнаға шықты.
Қойылым мазмұнына сәйкес, 20 жастағы Оксана Еленаның 20 жыл бірге тұрған жұбайын сатып алуға ұсыныс жасайды. Қойылымдағы негізгі идея – отбасылық қарым-қатынас. Ерлі-зайыптылар арасында баланың болмауы ажырасуға себеп ретінде айтылады. Сахналық қойылым комедия жанрында болғанымен актёрлардың қалың көрерменге ой салар тұсы көп.
Айта кетейік, премьера 1, 13 маусым күндері сахналанады.
Следственные действия по делу КазТАГ проводятся в строгом соответствии с законом - МВД
1,3 миллиона деревьев и кустарников будет высажено до 2030 года в Алматы
Что скажут прокуроры?
В Атырау на штрафстоянку отправили более 3 тысяч иностранных автомобилей
Объем регионального продукта Алматы вырастет до 70 трлн тенге
Депутат призвал разрешить гражданам тратить остатки ОСМС на лекарства