JTI Алматы облысында жаңа темекі өңдеу цехын ашты

Қазақстандағы жетекші темекі компаниясы саналатын Japan Tobacco International өндірісті елдің ішінде орналастыру және экспортты арттыру мақсатында Алматы облысындағы фабрикасында жаңа темекі өңдеу цехын ашты.




Компания жұмысын Exclusive.kz тілшісі көзбен көріп қайтты. JTI-дің белді қызметкерлері журналистерге шылымның қалай дайындалатынын көрсетті. Айта кетейік, JTI Қазақстанның экономикасына бағыттайтын жетекші инвестор және топ-10 тізіміндегі негізгі салық төлеуші.


Компания соңғы 5 жыл ішінде ел экономикасына 530 млрд. теңгеден астам салық төлеген. Компанияда әлемнің 70 елінде 46 000 адам жұмыс істейді.


– Қазақстандағы өндіріске бағытталатын ондаған миллион доллар бұл нарықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Біздің бұл нарықтағы үлесіміз 42%-дан асады. Осы орайда біз тұтынушыларымызды сапалы өнім сұрыпталымымен қамтамасыз етуге талпынамыз. Алматыдағы фабриканың өндірістік қуатын ұлғайтумен JTI компаниясында темекі өнімдерін Қазақстаннан экпорттау көлемін өсіруге тамаша мүмкіндіктер туындайды. Бұл JTI ғаламдық жеткізу тізбегін нығайтудағы маңызды қадам, – деді JTI Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы бас директоры Виктор Веклич.




Жаңа темекі шикізатын қайта өңдеу желілері елдегі шылым өндірісін, оның ішінде Winston және LD (Қазақстандағы ең танымал топ-3 брендтің тізіміне кіреді) өндірісін автономды етуге және экспортқа шығатын өнімнің сұрыпталымын кеңейтуге жол ашады.