Ол сол жағалауда орналасады деп жоспарланған.
Кездесу барысында жобаны жүзеге асырудың орны мен кезеңі талқыланды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасына сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭО-3 құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу рәсімін бастады. Байқау қорытындысы нәтижесінде жобалаушы ретінде "СТРОЙИНДУСТРИЯ" ЖШС таңдалды. Бүгінгі таңда Абай облысы әкімдігінің мүдделі басқармасы, ұйымдар, "Самұрық-Энерго" АҚ және Жобалаушыдан жедел жұмыс тобы құрылып, жоспарланған ЖЭО құрылысының учаскесі туралы шешім қабылданды. Ол сол жағалау, Степной ауданында орналасады деп жоспарланған.
Сондай-ақ облыс әкімдігі техникалық параметрлер негізінде ұсыныс енгізді, оған сәйкес жаңа ЖЭО-ның электр және жылу қуаты 360 МВт және 1200 Гкал/сағ болуы тиіс.
Сонымен қатар, Семей қаласының Бас жоспарын әзірлеу барысында қаланың электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін анықтау жоспарлануда. Қазіргі таңда "Семей қаласындағы ЖЭО-3 құрылысы" жобасы техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу сатысында.
Айта кетейік, 2023 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасында Семей қаласында ЖЭО салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ мен "Интер РАО-Экспорт" арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.