| Танымал блогер, қайырымдылық іс-шараларының ұйымдастырушысы Ырысбала Икрамбай салық комитетін сынады. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Блогер ерікті жандармен бірігіп, халықтан ақша жинап мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүр.
“Заңды жеке кәсіпкер болып тіркелдім. Дәл қазір ауа жұтқанымыз бен табиғи әжетімізге ғана салық төлемейміз. Қалғандарының бәріне салық төлеп келеміз. Төлеуден жалтарып отырған жоқпын, заңды тұлға болғаннан кейін төлейсің. Енді адам сияқты жұмыс істеуге мүмкіндік берсеңіздерші. Әбден халықты басынды”, – деп ашуланды блогер.
Сонымен қатар, блогер оқырман қауымға отбасылық қандай кәсіптері барын да жариялады. Ай сайын төлейтін салығын да көрсетті.
“Өткен айда 5 миллион теңге салық төледік. Одан кейін 6 миллион теңге төледік. Төлеген ақшаларымды міндетсінбеймін. Осы елдің азаматы ретінде жауапкершілікті сезінеміз. Бірақ соған сай жұмыс істесін. Күйеуімнің атына ЖШС-ні тіркедім. Өзім кеше ғана жеке кәсіпкер болып тіркелдім. Тұзы жеңіл қатын болдым”, – деді блогер.
В мастерской «Остров Крым» реставрируют 600-летнюю реликвию
Казахстанское кино показали в Норвегии
Казахстанцы стали есть больше рыбы: какие регионы лидируют по потреблению
Как изменится порядок сдачи налоговой отчетности с 2026 года в Казахстане
Вратарь «Кайрата» Анарбеков обошёл Мбаппе в престижном рейтинге SofaScore
Трамп планирует ослабить ограничения на марихуану
Международный конгресс молодых ученых прошел в Алматы
49 онкобольных получили статус инвалидности только после вмешательства прокуратуры в Жамбылской области