Интернеттен 880 мың теңгенің тауарын сатып алған павлодарлық бармағын тістеп қалды

Қылмыскерге негізсіз пайда көру айыбы тағылды,.

Сотта арызданушы Instagram желісіндегі жарнама бойынша квадроцикл сатып алу туралы шешім қабылдағаны, ол үшін 2023 жылдың 3 қарашасында кәсіпкердің шотына 880 000 теңге төлегені анықталды. Алайда ақшасын төлеген тұтынушы тауарды алмаған. Ол жауапкерді бұрын-соңды танымағанын және оның есеп шотына заңды негізсіз ақша аударылғанын ескере отырып, соттан 880 000 теңге көлеміндегі негізсіз баю сомасын өндіруді сұрады.

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қою қанағаттандырылды. Апелляциялық шағымда жауапкер сот шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды сұрады.

"Жауапкер жеке кәсіпкер болып табылады және белсенді банк шоты бар.Талап қоюшы жауапкер берген шотқа сомасы 880 000 теңгені төлеген, бұл түбіртекпен және банктің мәліметтерімен расталады. Жауапкердің шотына ақша қаражатын алу және аудару фактісі анық анықталғандықтан, екінші деңгейдегі банктердің анықтамаларымен расталған және жауапкер дауламағандықтан, негізсіз баю орын алған. Жауапкердің өз тарапынан ешқандай арамдық әрекет болмағаны туралы уәждері негізсіз деп танылды. Алқаның қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз, жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды".Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі

Сурет: Zakon.kz

қылмыс ақша Интернет