Облыста "Қарасора-2024" Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Абай облысының аумағында ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында қылмыстық топтардың, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтаумен, тасымалдаумен, өткізумен, контрабандамен және өсірумен айналысатын олардың ұйымдасқан нысандарының қызметін анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Қарасора-2024" Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Нәтижесінде 4 қылмыскер ұсталып, 68 кг түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде:
- қарасора — 66 кг 351 гр.
- марихуана — 1 кг 341,72 гр.;
- "Мефедрон" психотроптық заты-300,8 гр.;
- альфа PVP — 29,17 гр.;
- Гашиш-732 гр.
- каннабис сығындысы-2,35 гр.;
Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жоғарыда аталған қылмыстар үшін мүліктері тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
"Жыл басынан бері Абай облысының Полиция департаменті есірткінің заңсыз айналымы саласындағы 147 құқық бұзушылықтардың жолын кесті. 1 ұйымдасқан қылмыстық топтың есірткі бизнесі саласындағы қызметі тоқтатылды. Облыс аумағында синтетикалық есірткілерді өткізу үшін есірткі тобына 4 қатысушыны тартқан көшбасшы анықталды. Аймаққа 1 фито-зертхана және 2 есірткі жеткізудің жолы кесілді" — деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нариман Күлдіков .
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Приманка с детскими креслами на дорогах Казахстана: что говорят в МВД
Казахстан завоевал 68 медалей на V юношеских Азиатских Пара играх
"Актобе" вернулся на третье место ЧРК по футзалу перед новогодней паузой
В мастерской «Остров Крым» реставрируют 600-летнюю реликвию
Казахстанское кино показали в Норвегии
Казахстанцы стали есть больше рыбы: какие регионы лидируют по потреблению
Как изменится порядок сдачи налоговой отчетности с 2026 года в Казахстане
Трамп планирует ослабить ограничения на марихуану
49 онкобольных получили статус инвалидности только после вмешательства прокуратуры в Жамбылской области