Тоқаев несие «қамытын» кигендер туралы айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың несиелік жүктемесінің артуына алаңдаулы екенін айтты.
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында онлайн шағын несие беруге толық тыйым салынуы мүмкін екенін жеткізді.
– Өзге елдердің кепілсіз онлайн-шағын несиеге толық тыйым салу туралы тәжірибесін зерттеп, тұтынушылық несиені тежеу керек. Өкінішке қарай, несиені оңды-солды алудың салдары экономикадағы балансты бұзуы мүмкін, бұны біз бұрыннан байқап келеміз. Қазір проблемалы несиелердің көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам алған несиесін төлей алмай келеді. Сондықтан, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы заң жобасы іске қосылу керек. Бұдан өзге, кепілсіз онлайн шағын несиелерді қатаң түрде реттеу керек. Кейбір елдер бұған толық тыйым салған. Осы тәжірибені зерттеп көру керек, – дейді Тоқаев.
Около 11 тыс. км железнодорожных линий отремонтируют в Казахстане
В Казахстане выросло количество уголовных правонарушений в отношении несовершеннолетних
Объявлены номинанты на "Золотой глобус"
Бюджет Японии получил $833 млн от граждан без наследников
На западе республики оживают неперспективные села
Более 116 млрд тенге: итоги сельхозпроизводства в Атырауской области
«Газбаллон» в Карагандинской области: меры по снижению риска ЧС