Танымал актер Қазақфильмді сынға алды

Әлеуметтік желіде танымал қазақстандық актёр Жан Байжанбаевтың Кинематографияшылар одағының жиналысында сөйлеген сөзінің видеосы қызу талқыға түсті. Актёр қазақстандық кино мен «Қазақфильм» киностудиясының жұмысын сынға алды.

– Мен кинематографтар мен киностудияның жағдайына қатты алаңдаймын. Мемлекеттік кино мен Кинематографияшылар одағы ортақ мәселелерді, актёрлер мен режиссёрлердің жеке мәселелерін бірге шешкен кезі есімде. Қазір қандай да бір тәртіпсіздік орнағандай. Жас ұрпақ менен: «студияда не болып жатыр?» деп сұрағанда, жауап беруге ұяламын. Киностудияны 20 жыл бұрын басқарған адамдарды қатты құрметтеймін. Қазір жағдай мәз емес. Қор бір бағытқа, Кинематографистер одағы басқа бағытқа, киностудия үшінші бағытқа таралды. Өте өкінішті. Көпшілік неге жеңіл фильмдерге түсесің деп сұрайды. 20 жыл студияда жұмыс істеген уақыттта 40 фильмге түстім. Кейінгі 20 жылда төрт фильмге ғана түстім. Халықаралық фестивальдерге соңғы рет 2003 жылы бардым. Мені тізімдерінен сызып тастаған», – деді актёр.

Оның айтуынша, продюсерлер мен режиссёрлердің мәселесі шешіледі де, актёрлар ұмыт болған.

– Бәрі бірдеңені шешіп жатқан сыңай көрсеткенімен, шешмін таба алмай келеді. Бәрі – бизнесмен. Сендер тек продюсерлер мен режиссёрлердің мәселесін шешесіңдер. Актёрлер туралы мүлдем ұмыттыңдар. Актёр – киноның бет-бейнесі. Шығармашылық адам емес, бизнесмен болғандықтан осылай істеп жатсыңдар. Халықтың сүйікті актёріне айналған Фара көз жұмды. Ол менен өмірінің соңында 200 доллар қарызға алған. Оған кім көмектесті? Бәрі тек өз проблемаларын шешіп жатты, – деді Байжанбаев.

https://t.me/kzexclusive