Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
– Құрметті отандастар! 1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн. Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге. Біз тамыры терең мемлекеттігіміздің маңызды белестерін ұлықтап, ұлтты ұйыстыратын ортақ құндылықтарды нығайта береміз. Сол арқылы қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете түсеміз. Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы, – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қазақстан бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келгенін атап өтті.
– Биыл еліміз үшін бетбұрысты жыл болды. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. Елдігімізге іштен де, сырттан да зор қауіп төнді. Дегенмен мызғымас бірлік пен ырыс-ынтымақтың арқасында барлық қиындықты еңсеріп келеміз. Біз ауқымды саяси және экономикалық реформаларды қолға алып, мемлекетімізді жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Бұл бастамаларды табысты жүзеге асыру – әрқайсымыздың қолымызда. Егемен елімізді одан әрі дамыту – алдымызда тұрған басты міндет. Біз осы жолда аянбай еңбек етуіміз қажет. Сонда ғана Қазақстан қуатты мемлекетке айналады. Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Қазақстанымыз өркендей берсін! Қасиетті Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! – деді Тоқаев.
Мужчина справил нужду в подъезде многоэтажки в Астане
Как будет проходить реконструкция “Медеу”
Босса «Вильярреала» оскорбило, в какой манере ему сообщили об отмене матча в США
Спикер сената предложил судить авторов фейковых видео
Итальянские арбитры обслужат «золотой» матч в КПЛ
Премьера первого сольного стендапа Данияра Алшинова - 23 октября на Freedom Media
Россия и Казахстан: 33 года стратегического партнёрства и союзничества
Украденные из Лувра драгоценности оценили в десятки миллионов евро