Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталды
Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
– Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 млрд. теңгеден асады. 2022 жылы 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді. Сатыбалды Г., оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде, – деп жазылған хабарламада.
Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілген.
Сатыбалды Г.-ға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Фотоколлаж AR
Переезд без потери пенсии: казахстанцы смогут перевести накопления в Монголию
В Астане прошел первый тренинг для СМИ в рамках проекта "Закон и порядок"
49 онкобольных получили статус инвалидности только после вмешательства прокуратуры в Жамбылской области
Правительство ввело новый порядок исполнения рекомендаций ВАП по бюджету