Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде ресейлік журналист Леонид Млечиннің «Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков» атты кітабының таныстырылымы өтті.
– Ол маған шешуші сәтте не айтылғанын айтты: жағдай соншалықты қауіпті, қазір бастысы – сіздің өміріңізді сақтау. Арнайы ұшақ дайын, жеке күзетпен бірге ұшақта жүк бар – 25 миллион АҚШ доллары. Қайда ұшқыңыз келеді? Президенттің ұшып кететініне күмәнданбаған, – деп жазылған кітапта.
Млечин қаңтар оқиғасына дейін Тоқаевтың шетелде де, ел ішінде де лайықты бағаланбағанын айтады.
– Олар қатты қателесті. Тоқаев өз елінен тастап кете алмады және қолынан келгенінің бәрін жасады. Иә, ол бірінші мамандығы бойынша дипломат. Бірақ дипломат әлсіз адам дегенді білдірмейді. Қазақстан президентінің қаңтар оқиғасы кезінде азаматтарға үндеуінде мен қаламын деген сөз айтылды. Президент мұны не үшін айтқанын көпшілік түсінбеді. Бұл сөздер билікті басып алғысы келгендерге бағытталған, – деп жазылған кітапта.
Бүгін Мәскеуде оқырмандарға ұсынылған бұл кітап алдағы уақытта Қазақстанда таныстырылады.
Международный конгресс молодых ученых прошел в Алматы
Смертная казнь в Кыргызстане: Конституционный суд отказал в восстановлении нормы
Масуд Пезешкиан поблагодарил за теплый прием в Астане
Когда лекарство становится риском: как устроена безопасность фармакотерапии и почему она касается каждого
Я родилась 16 декабря
Переезд без потери пенсии: казахстанцы смогут перевести накопления в Монголию
В Астане прошел первый тренинг для СМИ в рамках проекта "Закон и порядок"
49 онкобольных получили статус инвалидности только после вмешательства прокуратуры в Жамбылской области