Бас прокуратура 2012 жылы «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деген айыппен сотталған Владислав Челахтың өтінішін зерттейтінін мәлімдеді.
– Арыз Бас прокуратураға келіп түсті. Біз қосымша зерттейміз, өйткені бұл он жыл бұрынғы мәселе. Қажет болған жағдайда жауап алынады, – деді Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев.
Айта кетейік, Владислав Челах Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, болған жағдай туралы куәлік беруге дайын екенін мәлімдеді.
Еске салайық, 2012 жылдың мамыр айында Алматы облысындағы «Арқанкерген» шекара бекетінде 14 шекарашы мен бір қорықшының мәйіті табылды. Бірнеше күннен кейін қанды қырғынды мойындаған «Арқанкерген» шекарашысы Владислав Челах анықталды. Тергеу мәліметінше, Челах алдымен сарбаздарды атып, кейін казарманы өртеп жіберген.
Предпринимателя оштрафовали за незаконную добычу глины в СКО
Парень с показа Pierre Cardin служит в Нацгвардии
Алматы и Астана сохранили лидерство по числу сделок с жильем
Там, где живут грациозные птицы
Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите «БРИКС плюс»
ВИА снова в тренде
От вымогательств до сбыта наркотиков: деятельность 22 преступных групп пресекли в Казахстане
День танкиста: в ВС Казахстана совершенствуют подготовку экипажей с учетом современных условий боя
«Торопыжки» в борьбе за жизнь. Как в Актобе выхаживают самых маленьких пациентов