Ресейлік журналист әрі қаламгер Леонид Млечин қаңтар оқиғасы туралы жазған кітабы жайында түсініктеме берді.
24 желтоқсанда Алматыда «Қаңтар трагедиясы. Президент Тоқаев және сабақ алу» атты жаңа кітабымды таныстыра алатындығыма сенімді болған едік. Бірақ бізді бірнеше жыл бойы әуре-сарсаңға салған вирус маған да жетті. Дәрігерлер маған ұшуға және адамдармен кездесуге тыйым салды. Сондықтан Қазақстандағы кітап тұсаукесер қаңтарға шегеріледі. Мұндай маңызды оқиға жайында кітап жазуыма не түрткі болғандығын айтып беру мүмкіндігім болады деп үміттенемін, — деді Млечин.
Млечин оқырмандардың ең көп қоятын сұрағына жауап беріп, Тоқаевпен сұхбат болмағанын атап өтті.
– Менің түсінгенім бойынша, көпшілікті «президент Тоқаевпен қаңтар оқиғасына қатысты сұхбат болды ма?» деген сауал қызықтырады. Сұхбат болған жоқ. Президент менің мұндай кітап жазуға ниетім бар екендігін біледі. Бірақ жұмысым жазылғанға дейін де, жарық көргенге дейін де таныс болған жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев кітапты оқуға уақыт табады деп үміттенемін, – деді Леонид Млечин.
Еске салайық, Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде ресейлік журналист Леонид Млечиннің «Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Млечин қаңтар оқиғасына дейін Тоқаевтың шетелде де, ел ішінде де лайықты бағаланбағанын айтады.
Презентация исторических романов "Жошы хан" и "Бату хан" состоялась в Семее
Трое сельчан замерзли в буран в ЗКО
Погода в Атырауской области начнёт стабилизироваться 15 декабря
Приманка с детскими креслами на дорогах Казахстана: что говорят в МВД
Казахстан завоевал 68 медалей на V юношеских Азиатских Пара играх
"Актобе" вернулся на третье место ЧРК по футзалу перед новогодней паузой
В мастерской «Остров Крым» реставрируют 600-летнюю реликвию
Казахстанское кино показали в Норвегии
Казахстанцы стали есть больше рыбы: какие регионы лидируют по потреблению