ОСК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау алдындағы үгітін өткізу кезінде республикада COVID-19 коронавирустық инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ таралуының алдын алу шаралары мен эпидемиологиялық жағдай мәселелер бойынша отырыс өтті.
– Республикада коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТРдің оң нәтижелі 300-ге дейін жағдайы және ПТРдің теріс нәтижелі 40-қа дейін жағдайы тіркеледі, науқастардың 99%-ы сауығып кетті, – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі — Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
Сонымен қатар, оның айтуынша, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді.
Осыған байланысты, А.Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде БМСДҚ-ға сәйкес халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын еске салды.
В мастерской «Остров Крым» реставрируют 600-летнюю реликвию
Казахстанское кино показали в Норвегии
Казахстанцы стали есть больше рыбы: какие регионы лидируют по потреблению
Как изменится порядок сдачи налоговой отчетности с 2026 года в Казахстане
Вратарь «Кайрата» Анарбеков обошёл Мбаппе в престижном рейтинге SofaScore
Трамп планирует ослабить ограничения на марихуану
Международный конгресс молодых ученых прошел в Алматы
49 онкобольных получили статус инвалидности только после вмешательства прокуратуры в Жамбылской области