Тоқаевтың «ескертусіз оқ ату» бұйрығы қарақшыларға қатысты болған – Млечин

Қаңтар оқиғасы туралы кітап жазған ресейлік журналист Млечин Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ескертусіз оқ ату» бұйрығы қарақшыларға қатысты болғанын айтты. Оның пікірінше, наразылық білдірушілерге қатысты сол кездегі Қорғаныс министрі болған Мұрат Бектанов шамадан тыс күш қолданған.

– 2022 жылғы 4-6 қаңтар аралығында Тоқаев қауіпсіздік күштері ұйымдастырған ақпарат тұзағында болды. Президентке тәртіпсіздіктер ауқымы, негізгі облыс орталықтарына шабуыл жасаған қарақшылар саны, Ақордаға шабуыл жасау жоспарларын айтып, қорқытты. Тоқаевтың қасында болған бірнеше адам ғана былай деді: Президент ел үшін қарақшылар мен күштік құрылымдағы сатқындарға қарсы күресті, – деп жазды Млечин.

Оның айтуынша, Тоқаев өз мәлімдемесін өзі жазған. Млечин сол кездегі Қорғаныс министрі қызметін атқарған Мұрат Бектанов өз өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп есептейді.

– Дәл осы қиын жағдайда оның «ескертусіз оқ ату» бұйрығы пайда болды. Президенттің бұл бұйрығы төтенше жағдай талаптарына бағынудан бас тартқан қарақшыларға қатысты еді. Олар әскерилер мен қарапайым азаматтарға шабуыл жасауды жалғастырды, банктер мен дүкендерді тонады. Тоқаев бұл мәлімдемеде азаматтарды қажетсіз көшеге шықпауға, абай болуға, қырағылық танытуға шақырды. Кейінірек бұрынғы Қорғаныс министрі қамауға алынды. 2022 жылдың қазан айында оның ісі әскери сотқа берілді. Содан кейін Тоқаевқа сын айтылды. Осы уақытқа дейін қарсыластары оны бейбіт демонстранттарға қатыгездік танытты айыптайды. Бірақ сол қайғылы күндерде президент дұрыс шешім қабылдады және елді хаостан құтқарды. Ең бастысы: Тоқаев қаңтар трагедиясынан дұрыс сабақ алды, – деп түсіндірді журналист.