Өскеменде жердің бәрі Ахметовтікі, Астана маңайы Шөкеевтікі – депутат

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Берік Дүйсенбинов 5 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтардық деп мәлімдеме жасаған Ауыл шаруашылығы министрін қатаң сынға алды.

Депутаттың пікірінше, министрдің баяндамасы өтірік. «Елді алдауды қашан қоясыздар» деген депутат әкімдер иелік ететін жерлерді атады.

– Қай облысқа барсаңыз жердің оң жағы мен сол жағы әкімнің жері. Мал ұстап, егін егіп отырған кісілер жерге зәру. Жердің иелерін тақтаға жазып қоюға кім кедергі? Өскеменде жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодар Бақауовтікі, Астана маңайы Шөкеевтікі. Оны айтғуа қорқып отыр. Баяндамаңызда айтылған мыңдаған гектарлар өтірік. Әдемі баяндаманың орнына мәселемен айналысыңыздар. Бұрынғы байлар орнында отыр, – деді депутат.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығына арналған жерді заңсыз таратқан әкімдік қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

https://t.me/kzexclusive