Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Қанат Мусинді қызметінен босатты.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды, деп жазылған ресми хабарламада.
Қанат Мусин 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Әділет министрі қызметін атқарды.
Бұған дейін ол Жоғарғы Соттың судьясы және Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарған.
Экс-әділет министрі Қанат Мусин Конституциялық сот судьясы болып тағайындалды. Оның кандидатурасын Мәжіліс отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов ұсынды.
– Қанат Сергейұлы Мусинді жақсы білесіздер, ол ұзақ жылдар бойы құқықтық қорғау және әділет органдарында қызмет етті, Мәжіліс депутаты, комитет төрағасы болды. Қазіргі уақытта ол еліміздің әділет министрі қызметін атқарады, – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
В мастерской «Остров Крым» реставрируют 600-летнюю реликвию
Казахстанское кино показали в Норвегии
Казахстанцы стали есть больше рыбы: какие регионы лидируют по потреблению
Как изменится порядок сдачи налоговой отчетности с 2026 года в Казахстане
Вратарь «Кайрата» Анарбеков обошёл Мбаппе в престижном рейтинге SofaScore
Трамп планирует ослабить ограничения на марихуану
Международный конгресс молодых ученых прошел в Алматы
49 онкобольных получили статус инвалидности только после вмешательства прокуратуры в Жамбылской области