Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Сот судьяларымен кездесіп, Конституциялық Сот барлық заңдар мен заңға сәйкес актілердің Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз етуге тиіс екеніне тоқталды.
– Шын мәнінде, Конституциялық Сот – еліміз үшін өте маңызды институт. Енді азаматтарымыз Конституцияға қайшы келетін нормаларды заңсыз деп тану үшін Конституциялық сотқа тікелей өздері шағымдана алады. Сонымен қатар Бас прокурор және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де Конституциялық Сотқа жүгінуге құқығы бар. Жалпы, Прокуратура, Сот, құқық қорғау органдарының жұмысына қойылатын талап айтарлықтай күшейеді. Конституциялық Сот депутаттардың және Үкіметтің заң шығару жұмысына оң ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, Конституциялық Сот адам құқықтарын қорғау жүйесінің басты тірегіне айналады, – деді Тоқаев.
Сондай-ақ президент Қазақстанның жаңа дәуірге қадам басқанын айтып, дүниежізілік елдермен салыстырды.
– Бүгінде Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Бұрын-соңды болмаған бірегей саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дүние жүзінде дәл осындай ауқымды, мазмұнды реформалар жасап жатқан ел бірен-саран. Бұл – ақиқат. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Қазақстан реформатор мемлекетке айналды. Шын мәнінде, тек былтыр атқарылған жұмыстар біздің қоғамдағы өзгерістердің ауқымы мен тереңдігі туралы оң әсер қалдырмауы мүмкін емес. Қазақстан мемлекет ретінде айтарлықтай жаңғырды. Бұл деректі әлемдік қоғамдастық ашық мойындады. Оған көптеген халықаралық байланыс пен ең жоғары деңгейдегі кездесулер дәлел. Конституциялық Сот Әділетті Қазақстанның айнасы болады десек, артық айтқандық емес. Халқымыз қара қылды қақ жарған қазыларға ерекше құрметпен, сыйластықпен қарайды, «тура биде туған жоқ» деп судьяларға зор үміт артады. Әрбір шешім Ата заңға сәйкес қабылдануға тиіс. Өйткені бұл, ең алдымен, еліміздің тағдырына ықпал ететін шешімдер болмақ, – деді мемлекет басшысы.
Более 100 автомашин получили подстанции скорой помощи в Карагандинской области
Новые газопроводы и сети: итоги газификации Казахстана за год
Презентация исторических романов "Жошы хан" и "Бату хан" состоялась в Семее
Трое сельчан замерзли в буран в ЗКО
Погода в Атырауской области начнёт стабилизироваться 15 декабря
Приманка с детскими креслами на дорогах Казахстана: что говорят в МВД
Казахстан завоевал 68 медалей на V юношеских Азиатских Пара играх
"Актобе" вернулся на третье место ЧРК по футзалу перед новогодней паузой
Казахстанское кино показали в Норвегии
Казахстанцы стали есть больше рыбы: какие регионы лидируют по потреблению