Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ Тоқаев «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.
– Енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады, – деді президент.
Иностранцы застряли на трассе в снегу
Достижения Независимости: как Туркестанская область реализует поручения президента
Более 100 автомашин получили подстанции скорой помощи в Карагандинской области
Новые газопроводы и сети: итоги газификации Казахстана за год
Презентация исторических романов "Жошы хан" и "Бату хан" состоялась в Семее
Трое сельчан замерзли в буран в ЗКО
Погода в Атырауской области начнёт стабилизироваться 15 декабря
"Актобе" вернулся на третье место ЧРК по футзалу перед новогодней паузой
Казахстанское кино показали в Норвегии
Казахстанцы стали есть больше рыбы: какие регионы лидируют по потреблению