Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Премьер-Министр Кеңсесін Үкімет Аппараты ретінде қайта құру, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін қайта ұйымдастыру, сондай-ақ салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарларын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Смайылов Премьер-Министр Кеңсесін Үкімет аппараты ретінде қайта құру Мемлекет басшысы бастамашылық еткен институционалдық реформалардың маңызды элементі болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын, құрылымдық өзгерістерді жалпы үйлестіру күшейтіледі.
– Ол үшін аппараттың құрылымы мен оның қызметі оңтайландырылады. Үкімет пен Премьер-Министрдің сараптамалық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін қамтамасыз ету күшейтіледі. Аппарат Президент Әкімшілігімен бірлесіп шешім қабылдау рәсімдерін бюрократиядан арылту және шамадан тыс регламенттеуді жою жөніндегі жұмысты жалғастырады, – деді ол.
Үкімет Аппараты басшысының м.а. Ғалымжан Қойшыбаев ведомствоның жұмысы бюрократиядан арылту, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» және орталықсыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу қағидаттарына негізделетінін хабарлады.
Премьер-Министр өкілеттіктерді мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы орталықсыздандыру туралы заң жобасы Президент Әкімшілігіне келісуге енгізілгенін еске салды. Үкіметтің 500-ден астам функциясы министрліктер мен әкімдіктерге беріледі.
– Аталған заң жобасымен біз министрлер мен олардың орынбасарларының дербестігін күшейтеміз. Енді барлық ағымдағы салалық мәселелер министрлердің бұйрықтарымен қабылданатын болады, – деді Смайылов.
Более 100 автомашин получили подстанции скорой помощи в Карагандинской области
Новые газопроводы и сети: итоги газификации Казахстана за год
Презентация исторических романов "Жошы хан" и "Бату хан" состоялась в Семее
Трое сельчан замерзли в буран в ЗКО
Погода в Атырауской области начнёт стабилизироваться 15 декабря
Приманка с детскими креслами на дорогах Казахстана: что говорят в МВД
Казахстан завоевал 68 медалей на V юношеских Азиатских Пара играх
"Актобе" вернулся на третье место ЧРК по футзалу перед новогодней паузой
Казахстанское кино показали в Норвегии
Казахстанцы стали есть больше рыбы: какие регионы лидируют по потреблению