Белгілі қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясын басқаруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында Илья Ильин федерацияның қазіргі жұмысына алаңдаушылық білдірді.
– Мен соңғы екі жылда кәсіби спортшы ретінде емес спорт менеджері ретінде жұмыс істедім. Екі жыл бойы спортшылармен қарым-қатынас жасап, командадағы мәселелерді шештім. Бір жылдан бері біз Ауыр атлетика федерациясының президентін таба алмай отырмыз. Менеджер ретінде қызмет атқарып жүрген уақытта жаттықтырушылармен сөйлестім, үлкен мәселелер болды. Бір жігіттің асылып қалғаны да белгілі. Мен психологтар керек екенін айттым. Біз команда құруға міндеттіміз, өйткені қиындықтар бар, – деді Ильин.
Спортшы ауыр атлетика елдегі ең нәтижелі спорт түрлерінің бірі екенін айтып, оны сақтауға шақырды.
– Мен қазір әріптестеріме, басшылыққа, Алтай Көлгіновке және Асхат Ораловқа жүгінемін, шешім қабылдаңыздар. Мен федерацияны өз командаммен бірге басқаруға дайынмын. Асып-тасқан байлығым жоқ, бірақ бұл спорттың барлық қыр-сырын білемін. Қолдауыңызды сұраймын, тапсырмалар беріңіз. Олимпиада чемпионын таңдайық, – деді Илья Ильин.
Мужчина справил нужду в подъезде многоэтажки в Астане
Как будет проходить реконструкция “Медеу”
Босса «Вильярреала» оскорбило, в какой манере ему сообщили об отмене матча в США
Спикер сената предложил судить авторов фейковых видео
Итальянские арбитры обслужат «золотой» матч в КПЛ
Премьера первого сольного стендапа Данияра Алшинова - 23 октября на Freedom Media
Россия и Казахстан: 33 года стратегического партнёрства и союзничества
Украденные из Лувра драгоценности оценили в десятки миллионов евро