
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2023 жарысының финалына шықты. Рыбакина жартылай финалда Беларусь спортшысы Виктория Азаренконы жеңді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Ойын — 7:6, 6:3 есебімен аяқталды. Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы Магда Линетт (Польша) — Арина Соболенко (Беларусь) арасындағы ойынның жеңімпазы болмақ.
Australian Open-2023 чемпионаты 16-29 қаңтар аралығында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 76,5 миллион австралиялық долларды құрайды.
Жеңімпаз 970,13 млн теңге алады. Вице-чемпион 529,9 млн теңгеге ие болады.
