Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер Сергей Карякинді жеңді.
– Мәскеуде өтіп жатқан шахмат жұлдыздары халықаралық турнирінде сенсация орын алды. Блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева жарыстың басты фавориті Сергей Карякинді жеңді. Бибісараның блицтегі әлем чемпионы екені тағы да байқалды. Салқынқанды ойын көрсеткен қазақстандық шахматшы Сергейдің керемет қорғанысына қарамастан, жеңіске жетті, – деп жазылған Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарламасында.
Айта кетейік, Карякин – әлемдегі ең мықты гроссмейстер, қазіргі уақытта оның 2739 ұпайы бар.
– Жалпы, мен жақсы ойнадым, нәтижеге ризамын. Әрине, кішігірім қиындық болды. Мен тек бір партиядан ұтылдым. Асаубаева өте жақсы ойнайды, әлем чемпионы, сондықтан оған қарсы жеңілу ұят емес. Жалпы бәрі жақсы, – деді Карякин ойыннан кейін ТАСС агенттігіне берген жауабында.
Иностранцы застряли на трассе в снегу
Достижения Независимости: как Туркестанская область реализует поручения президента
Более 100 автомашин получили подстанции скорой помощи в Карагандинской области
Новые газопроводы и сети: итоги газификации Казахстана за год
Презентация исторических романов "Жошы хан" и "Бату хан" состоялась в Семее
Трое сельчан замерзли в буран в ЗКО
Погода в Атырауской области начнёт стабилизироваться 15 декабря
"Актобе" вернулся на третье место ЧРК по футзалу перед новогодней паузой
Казахстанское кино показали в Норвегии
Казахстанцы стали есть больше рыбы: какие регионы лидируют по потреблению