Қазақстан футбол федерациясы Бірінші лигада өнер көрсететін «Хан Тәңірі» футбол клубының ойыншысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүние салғаны туралы хабарлайды: Қазақстан футбол федерациясы марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ командасына қайғыра көңіл айтады. Бұл – қазақстандық футбол қауымдастығы үшін ауыр әрі орны толмас қайғы. ҚФФ бас хатшысы Давид Лория мен кәсіпқой клубтар арасындағы жарыстар дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Алматы қаласына шұғыл аттанады. Алдағы уақытта құзырлы органдармен бірлесе отырып, оқиғаны ресми тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылады. Федерация бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын расталмаған ақпарат пен алып-қашпа әңгімелерді таратпауға, марқұмның отбасы мен оның есіміне құрметпен қарауға шақырады. Қосымша ақпарат тиісті рәсімдер аяқталған соң жарияланады.
Предпринимателя оштрафовали за незаконную добычу глины в СКО
Парень с показа Pierre Cardin служит в Нацгвардии
Алматы и Астана сохранили лидерство по числу сделок с жильем
Там, где живут грациозные птицы
Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите «БРИКС плюс»
ВИА снова в тренде
От вымогательств до сбыта наркотиков: деятельность 22 преступных групп пресекли в Казахстане
День танкиста: в ВС Казахстана совершенствуют подготовку экипажей с учетом современных условий боя
«Торопыжки» в борьбе за жизнь. Как в Актобе выхаживают самых маленьких пациентов